09.11.2009, 18:05 3048

Қазақстанға 10-12 қарашада ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының төрағасы Жоао Соареш ресми сапармен келмек

Қазақстанға 10-12 қарашада ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының төрағасы Жоао Соареш ресми сапармен келмек

Астана. 9 қараша. Kazakhstan Today - Қазақстанға 10-12 қарашада ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының төрағасы Жоао Соареш ресми сапармен келмек. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы қарсаңында Ж. Соареш Қазақстан-ЕҚЫҰ өзара әрекеттестік мәселелерін қарастыру мақсатында ел басшылығымен кездесулер өткізбек",- деді Е.Ашықбаев.

"Өздеріңізге мәлім, ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы 1991 жылы сәуірде Мадридте өткен ЕҚЫҰ елдері парламент басшылары кездесуінде құрылған болатын. Құрамына барлық мүше-мемлекеттерден 320 парламентшісі кіретін Ассамблея ЕҚЫҰ институттарының бірі болып табылады",- деді ресми өкіл.

Оның айтуынша, ЕҚЫҰ-ның "парламенттік өлшемін" қамтамасыз ете отырып, Ассамблея ұйым жұмысына қарарлар мен ұсыныстар қабылдау, мәселелерді қарастыру негізінде парламенттік институтттардың қатысуына қолдау көрсетеді және ЕҚЫҰ кеңістігінде демократияны алға ілгерілетуде парламентаралық үнқатысуды нығайтады. Ассамблея, сонымен қатар, мүше мемлекеттердің ұйым шеңберіндегі міндеттемелерін орындауына баға береді, жанжалдардың алдын алу, ескерту тетіктерін дайындап, енгізеді және демократиялық институттардың нығаюына ықпал етеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны