18.05.2009, 16:53 2779

Қазақстанға 21 мамырда жұмыс сапарымен Путин келеді

Қазақстанға 21 мамырда жұмыс сапарымен Путин келеді

Астана. 18 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанға 21 мамырда жұмыс сапарымен РФ үкімет басшысы Владимир Путин келеді. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

"21 мамырда жұмыс сапарымен РФ үкімет басшысы Владимир Путин Қазақстанға келеді ", - деді ол.

Е.Ашықбаевтың айтуынша, В. Путиннің сапары барысында Қазақстан мен Ресейдің 2009 - 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарының жекелеген бөліктерін жүзеге асыру барысы талқыланбақшы. Соның ішінде отын-энергетикалық кешен, соның ішінде атом энергетикасы, "Байқоңыр" кешені бойынша келісім-құқықтық базаны жетілдіру, трансшекаралық су нысандарын пайдалану және қорғау мәселелері бар.

Сонымен бірге, Кедендік одақты құру мақсатында өзара мүддені қамтамасыз ету мәселелерін талқылау жоспарланған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны