02.02.2009, 18:37 3138

Қазақстанға Ауғанстан делегациясы сапармен келеді

Қазақстанға Ауғанстан делегациясы сапармен келеді

Астана. 2 ақпан. "Қазақстан Бүгін"- Қазақстанға 4-5 ақпанда Ауғанстан Ислам Республикасының Индустрия және сауда министрінің міндетін атқарушы Вахидулла Шахрани бастаған делегация сапармен келеді. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Қазақстан Бүгін тілшісі.

Аталмыш сапар барысында ауғанстандық қонақтың астық сатып алу, сауда-экономикалық байланысты нығайту және Ауғанстанға тауар тасымалдауға жәрдемдесу мәселелерін талқылау мақсатында еліміздің бірқатар ресми және іскер топ өкілдерімен кездесулері жоспарланған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны