Система Orphus

Қазақстанға БҰҰ-ның арнайы баяндамашысы Манфред Новак келеді

30.04.2009, 15:02 4068

Астана. 30 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанға 5-14 мамыр аралығында БҰҰ-ның азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын және ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлері мәселелері жөніндегі арнайы баяндамашысы Манфред Новак келеді. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

"Сапар кезінде М.Новак біздің елміздің ресми тұлғаларымен, адам құқықтарын қорғау жөніндегі ұлттық институттары өкілдерімен, азаматтық қоғам және халықаралық ұйымдар өкілдерімен кездеседі. Ел ішін аралау барысында БҰҰ-ның арнайы баяндамашысы Қазақстан түрмелерінде болмақ",- деді СІМ өкілі.

Е.Ашықбаевтың айтуынша, сапар нәтижесінде жиналған қорытындылар мен кеңестерді қамтитын ақпарат Адам құқығы жөніндегі кеңеске берілетін есепте көрсетілетін болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны