27.04.2009, 18:36 3146

Қазақстанға ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының жаңа директоры сапармен келеді

Қазақстанға ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының жаңа директоры сапармен келеді

Астана. 27 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының директоры Янеш Ленарчич 28-30-сәуірде Қазақстанға сапармен келеді. Бұл туралы бүгін Астанадағы апталық брифингте ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ержан Ашықбаев мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

Ресми өкілдің хабарлауынша, "Біздің еліміздің ресми тұлғаларымен жоспарланған кездесулерде Қазақстанның ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросымен ынтымақтастығының ағымдағы жағдайы, сондай-ақ еліміздің 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету кезіндегі ортақ қызметтің басым бағыттары талқыланатын болады".

Бұл - Янеш Ленарчичтің 2008 жылдың шілдесінде ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының директоры қызметіне кіріскеннен бергі Қазақстанға жасап отырған алғашқы сапары, деді ресми өкіл.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны