01.09.2009, 17:09 2874

Қазақстанға Эстония премьер-министрі Андрус Ансипа ресми сапармен келеді

Қазақстанға Эстония премьер-министрі Андрус Ансипа ресми сапармен келеді

Астана. 1 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстанға 7-9 қыркүйекте Эстония Республикасының премьер-министрі Андрус Ансипа ресми сапармен келеді. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Сапар шеңберінде Эстония үкімет басшысы еліміздің басшылығымен кездесіп, екі жақты қатынастырдың кең ауқымды мәселелері төңірегінде, нақтырақ айтқанда көлік, білім және ғылым саласындағы өзара әрекеттестік, өзара азаматтар қатынасы, халықаралық ұйымдар шеңберіндегі диалог, сонымен қатар жаһандық және аймақтық қауіпсіздік мәселелері жөнінде пікір алмасады деп күтілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны