18.06.2007, 16:20 2731

Қазақстанға Еурокомиссияның сыртқы байланыстар жөніндегі директоратының басшысы келмек

АСТАНА. 18 - маусым. Kazakhstan Today. Қазақстанға, сейсенбі, 19-маусымда Еуропалық комиссияның сыртқы байлыныстар жөніндегі бас директоратының бас директоры Энеко Ландабуру келмек, деп хабарлады бүгін Астанада өткен дәстүрлі брифингте Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ержан Ашықбаев.

"Сапар мақсаты Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылау болып табылады",- деп атап өтті дипломат.

Оның айтуынша, сапар бағдарламасында Еуразия Ұлттық университетіндегі еуропалық құжаттама орталығының салтанатты ашылуына Энеко Ландабурудың қатысуы жоспарланған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны