12.03.2007, 17:42 3004

Қазақстанға Еуроодақтың Орта Азиядағы арнайы өкілі жұмыс сапарымен келеді

АСТАНА. 12-наурыз. Kazakhstan Today. Қазақстанға Еуроодақтың Орта Азиядағы арнайы өкілі Пьер Морель жұмыс сапарымен келеді. Бұл туралы бүгін өткен брифингте Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ілияс Омаров мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Ілияс Омаровтың айтуынша, жұмыс сапары 12-13-ші наурызға межеленген.

"Ел басшылығымен кездесулер барысында Қазақстан Республикасы мен Еуроодақтың ынтымақтастығының болашағы, Еуропалық одақтың Орта Азия елдеріне қатысты келешек стратегиясының жобасы, сонымен қатар Астанада 28-наурызда өтетін төртінші "ЕО үштігі - Орта Азия елдері" отырысына дайындық мәселелері талқыланады",- деп атап өтті Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны