12.07.2010, 18:22 4271

Қазақстанға ГФР канцлері ресми сапармен келеді СІМ

"18-шілдеде Қазақстанның президенті Нұрсұлтан Назарбаевтің шақыруымен Астанаға Германия Федеративтік Республикасының Канцлері Ангела Меркель ресми сапармен келеді", - деп хабарлады Асқар Ибдірахманов.

Алматы. 12-шілде. Kazakhstan Today Қазақстанға Германия Федеративтік Республикасының канцлері Ангела Меркель ресми сапармен келеді. Бұл туралы бүгін ҚР Сыртқы істер министрлігінде өткен апталық брифинг барысында мекеменің ресми өкілі Асқар Ибдірахманов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"18-шілдеде Қазақстанның президенті Нұрсұлтан Назарбаевтің шақыруымен Астанаға Германия Федеративтік Республикасының Канцлері Ангела Меркель ресми сапармен келеді", - деп хабарлады Асқар Ибдірахманов.

Оның айтуынша, "сапар барысында жоғары деңгейде келіссөздер жүргізіліп, тараптар Қазақстан мен Германияның саяси ынтымақтастығын, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтасытығын дамыту мәселелерін талқылайды.

"Сондай-ақ, бірқатар екіжақты келісімдер мен коммерциялық келісім шарттарға қол қою, екі елдің іскер топтарының қатысуымен өтетін бизнес-форумын өткізу жоспарлануда",- деп хабарлады Асқар Ибдірахманов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны