05.10.2009, 17:57 3534

Қазақстанға Израиль Мемлекеті премьер-министрінің орынбасары, сыртқы істер министрі Авигдор Либерман ресми сапармен келеді

Қазақстанға Израиль Мемлекеті премьер-министрінің орынбасары, сыртқы істер министрі Авигдор Либерман ресми сапармен келеді

Астана. 5 қазан. Kazakhstan Today - Қазақстанға 12-13 қазанда Израиль Мемлекеті премьер-министрінің орынбасары, сыртқы істер министрі Авигдор Либерманның ресми сапары жоспарлануда. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Ресми өкілдің хабарлауынша, сапар барысында А.Либерман еліміздің басшылығымен бірқатар кездесулер өткізіп, Қазақстан мен Израиль арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық мәселелерін талқыламақ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны