21.09.2009, 15:56 2805

Қазақстанға Канаданың Халықаралық сауда министрі Стокуэлл Дэй сапармен келеді

Қазақстанға Канаданың Халықаралық сауда министрі Стокуэлл Дэй сапармен келеді

Астана. 21 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстанға 25-26 қыркүйекте Канаданың Халықаралық сауда министрі Стокуэлл Дэйдің сапары жоспарлануда. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Сапар барысында С.Дэй еліміз басшылығымен өтетін кездесулерде Қазақстан мен Канада арасында әр түрлі салаларда сауда-экономикалық байланыстарды дамыту мәселелерін талқыламақ.

ҚР СІМ мәліметінше, бүгінгі күні Қазақстанда канадалық қаржы есебінен 89 компания тіркелсе, бұдан бөлек 29 канадалық компания өкілдіктері қызмет етуде. Канада бизнесмендері еліміздің энергетика және тау-кен өндірісі салаларына қызығушылық танытып отыр. Канаданың елімізге салған тікелей инвестициясы көлемі 2,2 млрд АҚШ долларын құрайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны