15.06.2009, 17:35 2722

Қазақстанға Қырғыз Республикасының премьер-министрі Игорь Чудинов ресми сапармен келеді

Қазақстанға Қырғыз Республикасының премьер-министрі Игорь Чудинов ресми сапармен келеді

Астана. 15 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанға Қырғыз Республикасының премьер-министрі Игорь Чудинов ресми сапармен келеді. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

"16-17 маусымда Қазақстанға Қырғыз Республикасының премьер-министрі Игорь Чудинов ресми сапармен келеді",- деді ресми өкіл.

"Сапар аясында бұған дейінгі жоғары деңгейдегі кездесулердің нәтижесінде құрылған қазақ-қырғыз үкіметаралық кеңесінің бірінші отырысы өтеді деп жоспарлануда. Отырыс барысында сауда-экономикалық, су-энергетикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екі жақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері қарастырылады".

Отырыс қорытындысы бойынша өзара тиімді серіктестікті дамыту жолдарын нақтылайтын үкіметаралық келісімдерге және басқа да құжаттарға қол қою жоспарланып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны