12.05.2010, 10:25 1528

Қазақстанға Үндістан Республикасының сыртқы істер министрі Соманахалли Маллайах Кришна ресми сапармен келеді

Қазақстанға Үндістан Республикасының сыртқы істер министрі Соманахалли Маллайах Кришна ресми сапармен келеді

Астана. 12 мамыр. Kazakhstan Today - 11-13 мамырда ҚР мемлекеттік хатшысы - сыртқы істер министрі Қ.Саудабаевтың шақыруымен Үндістан Республикасының сыртқы істер министрі Соманахалли Маллайах Кришна Астана қаласына ресми сапармен келеді. Бұл туралы кеше Астанада өткен брифингте ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ілияс Омаров мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Сапардың мақсаты - Қазақстан мен Үндістан арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі дамыту және 2009 жылғы 23-26 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Үндістан Республикасына мемлекеттік сапары барысында қол жеткізген уағдаластықтарды іске асыру болып табылады.

12 мамырда С.Кришнаның Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы - сыртқы істер министрі Қ.Саудабаевпен келіссөздері барысында тараптар Қазақстан мен Үндістан арасындағы саяси, экономикалық және гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық мәселелерін талқылайды.

Үндістанның сыртқы саяси ведомствосының басшысы ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен және премьер-министрі Кәрім Мәсімовпен кездеседі деп жоспарлануда.

Сапар барысында Қазақстан-үнді бизнес-форумы өтеді, сондай-ақ бірқатар екі жақты құжаттарға қол қойылады деп жоспарлануда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны