07.09.2009, 16:41 2915

Қазақстанға Вьетнам Социалистік Республикасының премьер-министрі Нгуен Тан Зунг ресми сапармен келеді

Қазақстанға Вьетнам Социалистік Республикасының премьер-министрі Нгуен Тан Зунг ресми сапармен келеді

Астана. 7 қыркүйек. Kazakhstan Today - Елбасының шақыруымен 14-15 қыркүйекте Қазақстанға Вьетнам Социалистік Республикасының премьер-министрі Нгуен Тан Зунгтің ресми сапары жоспарлануда. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Сапар барысында жоғары дәрежелі қонақ еліміз басшылығымен кездесулер өткізіп, нәтижесінде энергетика, білім, ортақ инвестицияларды қолдау және қорғау, азаматтардың уақытша еңбек ету әрекеттері және екі ел азаматтарының сапар шегу мәселелеріне қатысты бірқатар келісімдерге қол қоймақ. Сонымен қатар, сапар шеңберінде бизнес- форум өткізу де жоспарлануда.

Екі ел қатынастары тарихында бұл сапар соңғы 15 жыл ішіндегі алғашқысы болып табылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны