16.10.2008, 19:16 3138

Қазақстан-Иран үкіметаралық комиссияның 10-шы мәжілісінің қорытындысы бойынша хаттамаларға қол қойылды

Қазақстан-Иран үкіметаралық комиссияның 10-шы мәжілісінің қорытындысы бойынша хаттамаларға қол қойылды

Астана. 16 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Астана қаласында бүгін Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы арасындағы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық мәдениет бойынша ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Иран үкіметаралық комиссияның 10-шы мәжілісінің қорытындысы бойынша хаттамаға қол қою рәсімі болып өтті, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ынтымақтастық туралы хаттамаға Қазақстан тарапынан Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрі, ҮАҚ комиссияның Қазақстан жағынан тең төрағасы, делегация басшысы Серік Ахметов, Иран тарапынан Иран Ислам Республикасы Сыртқы істер министрі, Иран тарапынан ҮАҚ тарапынан тең төрағасы, делегация басшысы Моттаки Манучехр қол қойды.

Жалпы хаттамада екі ел арасындағы сауда-экономикалық, шағын және орта бизнес, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, спорт, ауыл шаруашылығы, көлік және коммуникация, сондай-ақ энергетика салаларының мәселелері қамтылған.

Көлік және коммуникация жөнінде хаттамада темір жол саласындағы, оның ішінде тараптардың Өзен (Қазақстан) - Қызылгая - Берекет - Этрек (Түркіменстан) - Горган (Иран) темір жол желісін салу жобасын жүзеге асыру барысы, сондай-ақ, Қазақстан мен Иранның темір жолдарының ынтымақтастық мүмкіндіктерін қарастыру жөніндегі жұмысшы комиссиясын өткізу мәселелері көрініс тапты.

Автомобиль көлігі жайында хаттамада Қазақстан Республикасы үкіметі мен Ислам Иран Республикасы арасындағы халықаралық автомобиль қатынасы жөнінде Келісімге қол қоюға әзірлік барысы және Ираннан Қазақстанға транзиттік және экспорттық тасымал жасағандағы проблемалары жөніндегі талқылау қорытындылары келтірілген.

Хаттамада теңіз көлігі саласындағы ынтымақтастық мәселелері де ескерілген, оның ішінде "Қазтеңізтрансфлот" ҰТСК" АҚ мен Ирандық ұлттық танкер компаниясы арасындағы өзара түсністік меморандумы аясындағы ынтымақтастық мәселелері және Иранның порттар және кемемен жүзу ұйымының, Ақтау, Анзали, Амирабад порттары, кеме жүзуі және көлік ұйымдары басшыларыны бірлескен мәжілісін өткізу ескерілген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны