22.02.2012, 11:21 4172

Қазақстан-Қырғызстан келіссөздерінің қорытындысы бойынша брифинг өтті

Брифингте Қырғызстан Премьер-Министрі Қазақстан басшылығымен өткен келіссөздер барысында көші-қон, қаржы, ауыл шаруашылығы, энергетика салаларында бірқатар уағдаластықтарға қол жеткізілгенін атап өтті.

Астана. 22-ақпан. Kazakhstan Today - Бүгін Астанада Қазақстан Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов пен Қырғызстан Үкімет басшысы Өмірбек Бабановтың қатысуымен Қазақстан-Қырғызстан келіссөздерінің қорытындысы бойынша брифинг болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Брифингте Қырғызстан Премьер-Министрі Қазақстан басшылығымен өткен келіссөздер барысында көші-қон, қаржы, ауыл шаруашылығы, энергетика салаларында бірқатар уағдаластықтарға қол жеткізілгенін атап өтті.

"Қырғызстан "Қамбарата-1" ГЭС-ның құрылысына қатысу туралы Қазақстанға ұсыныс жасады. Аталмыш жобаға қазақстандық тараптың қосылу шарттарын зерделеумен айналысатын жұмыс тобын құру туралы келісімге қол жеткізілді. Біз бұл шешімді құптаймыз", - деп мәлім етті Ө.Бабанов.

Қырғыз тарабы сондай-ақ энергетика саласындағы бірқатар жобаларға атсалысуды ұсынды. Ол жобалар Қазақстанның оңтүстігі мен Солтүстігін электр қуатымен қамтамасыз етуге, екі мемлекеттің де энергия жүйелерінің тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Брифингте хабарланғандай, наурыз айының ішінде Инвестициялық қорды тіркеу бойынша барлық заңгерлік құжаттар аяқталады.

"Бұл біздің экономика мен өзара ынтымақтастық үшін елеулі қолдау болып табылады", - деп атап өтті Қырғызстан Премьер-министрі.

Сонымен қатар, брифингте Өмірбек Бабанов Қазақстан Ош қаласында қазіргі заманғы 1 мектеп салу туралы шешім жасағын хабарлады.

"Қырғызстан Премьер-Министрі Өмірбек Бабановтың Қазақстанға жасаған алғашқы сапары өте мазмұнды және нәтижелі болды. Біздің екіжақты келіссөздер барысында қол жеткізген нәтижелеріміз, ең бастысы, Елбасы Нұрсұлтан Ибішұлы Назарбаев қолдаған нәтижелер ынтымақтастықтың маңызды мәселелерін шешуде үлкен үміт береді", - деп атап өтті Қазақстанның Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны