08.12.2012, 10:54 5740

Қазақстан-Қытай комитеті екіжақты ынтымақтастықты дамытуда маңызды роль атқаруда

Ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Қытай комитеті мен оған кіретін салалық кіші комитеттердің жұмысы екі елдің өзара іс-қимылдарының бүгінгі жетістіктерін және перспективаларын көрсетуде,- деп мәлім етті ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қайрат Келімбетов Комитеттің бүгінгі VI отырысында сөйлеген сөзінде.

Алматы. 8-желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстан-Қытай комитеті екіжақты ынтымақтастықты дамытуда маңызды роль атқаруда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Қытай комитеті мен оған кіретін салалық кіші комитеттердің жұмысы екі елдің өзара іс-қимылдарының бүгінгі жетістіктерін және перспективаларын көрсетуде,- деп мәлім етті ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қайрат Келімбетов Комитеттің бүгінгі VI отырысында сөйлеген сөзінде.

"Қол жеткізілген келісімдердің өзектілігі мен қабылданған шешімдердің маңыздылығына Комитет аясында өткізілген іс-шаралардың мазмұндылығы дәлел. Тараптар өзара тығыз жұмыстардың нәтижесінде соңғы екі жылда барлық деңгейлердегі стратегиялық әріптестіктерге жайлы жағдай жасап отыр",- деді Қазақстанның вице-премьері өз сөзінде.

ҚХР Мемлекеттік кеңесінің вице-премьері Ван Цишань өз сөзінде, екі елдің арасындағы саяси сенім мен жоспараралық ынтымақтастықтың, сондай-ақ БҰҰ, ШЫҰ, АӨІСШК сияқты ұйымдардың аясындағы өзара іс-қимылдардың нығайып отырғанын айтты.

"Ынтымақтастық жөніндегі комитет екіжақты ынтымақтастықты ілгерілетуде өте маңызды роль атқарып отыр. Қытай Қазақстанның екінші ірі импортері және қазақстандық өнімдер үшін ең ірі экспортер атанып отыр. Мұнай құбыры бойынша мұнай жеткізілімінің жалпы көлемі 50 млн. астам тоннаны құрады", - деді қытай делегациясы өкілі өз сөзінде.

Отырыс барысында тараптар қауіпсіздік, энергетика, геология және жер қойнауын пайдалану, көлік, қаржы, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Астанада ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қайрат Келімбетов пен ҚХР Мемлекеттік кеңесінің вице-премьері Ван Цишанның төрағалығымен Ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Қытай комитетінің VI отырысы өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны