18.01.2012, 13:01 6580

Қазақстанның "Ақ жол" демократиялық партиясы атынан Мәжіліске депутат болатын азаматтардың есімдері белгілі болды

Қазақстанның "Ақ жол" демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев Парламент Мәжілісінің депутаты қызметін атқаратын болды.

Астана. 18-қаңтар. Kazakhstan Today - Қазақстанның "Ақ жол" демократиялық партиясы атынан Мәжіліске депутат болатын азаматтардың есімдері белгілі болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Қазақстанның "Ақ жол" демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев Парламент Мәжілісінің депутаты қызметін атқаратын болды.

"Бүгін партия өкілдері осындай шешім қабылдады", деп хабарлайды партияның баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, 15-ші қаңтарда елде өткен Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауында Қазақстанның "Ақ жол" демократиялық партиясының өкілдері сайлаушылардың 7,47 пайыз даусын жинап, Парламент Мәжілісінің 8 мандатын алған болатын.

Бүгін партия өкілдері "Ақ жол" партиясының атынан партия төрағасы Азат Перуашевтан басқа "ҚазГранит корпорациясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің президенті Азамат Ибілдаевты, "Алматы облысы, Қарасай аудандық кәсіпкерлер одағының төрағасы төрағасы Нұрлан Жазылбековты, "Қазақстанның кәсіпкер әйелдер одағы" қоғамдық бірлестігінің төрайымы Меруерт Қазбекованы, Қазақстанның "Атамекен Одағы" ұлттық экономикалық палатасы Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Екатерина Никитинскаяны, "МК-Бизнес" жауапкершілгі шектеулі серіктестігінің Бас директоры Аманжан Рысқалиды, "Іле" корпорациясы Директорлар кеңесінің төрағасы Сағиятулла Сәрсеновты, "МұнайТехСервис" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директорының кеңесшісі, "Ақ жол" партиясының Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Алмас Тортаевты Парламент мәжілісінің депутаты етіп сайлау жөнінде шешім шығарды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны