04.07.2007, 17:37 3059

Қазақстанның АҚШ-тағы жаңа елшісі тағайындалды

АСТАНА. 4-шілде. Kazakhstan Today. Қазақстанның АҚШ-тағы жаңа елшісі болып Ерлан Ыдырысов тағайындалды. Осы жөніндегі жарлыққа президент Нұрсұлтан Назарбаев қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осыған байланысты Е.Ыдырысов Қазақстан Республикасының Ұлыбритания Біріккен Корольдігі мен Солтүстік Ирландиядағы төтенше және өкілетті елшісі қызметінен, Қазақстанның Швециядағы, Норвегия мен Ирландиядағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды.

Бұған дейін Қазақстанның АҚШ-тағы елшілігін Қанат Саудабаев басқарған, ол ағымдағы жылдың мамыр айында Қазақстанның мемлекеттік хатшысы болып тағайындалды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны