24.07.2012, 13:52 3573

Қазақстанның Бразилия мен Вьетнамдағы төтенше және өкілетті елшілері тағайындалды

Қазақстанның Бразилия мен Вьетнамдағы төтенше және өкілетті елшілері тағайындалды

Астана. 24-шілде. Kazakhstan Today - Қазақстанның Бразилия мен Вьетнамдағы төтенше және өкілетті елшілері тағайындалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР президентінің хабарлауынша, Мемлекет басшысының Жарлықтарымен:

Бақытжан Ордабаев Қазақстан Республикасының Бразилия Федеративтік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне;

Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Нұрлан Байұзақұлы Ермекбаев Қазақстан Республикасының Вьетнам Социалистік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі міндетін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды.

Сондай-ақ, мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ерлан Ибілфайызұлы Ыдырысов Қазақстан Республикасының Бразилия Федеративтік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі міндетін қоса атқарудан босатылды.

Мемлекет басшысының Өкімімен Бақытжан Ордабаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Еуразиялық экономикалық қоғамдастық жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі қызметінен босатылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны