08.01.2007, 14:14 3061

Қазақстанның БҰҰ бюджетіне төлейтін донорлық қаржысының үлесі өсті

БРЮСЕСЕЛЬ. 8-қаңтар. Kazakhstan Today. Қазақстанның БҰҰ бюджетіне төлейтін жарнасы 2007 жылдан бастап өсті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі БҰҰ жаңалықтар қызметіне сілтеме жасай отырып.

61-ші сессияның негізгі бөлімінің өткен жылдың аяғындағы соңғы жұмыс күнінде БҰҰ Бас Ассамблеясы мемлекеттердің 2007-2009 жылдардағы БҰҰ бюджетіне төлейтін жарнасының шкаласын бекітті. Ұйымның шығындарын бөлу әдістемесі талқылаудан кейін бұрынғы қалпында қалды.

Төлемдер көлемін есептеу негізіне мемлекеттердің төлемдік қабілеттілігі принципі алынған. "Бас Ассемблея ұйым шығындарын мүше мемлекеттердің арасында олардың төлем қабілетіне сәйкес бөлуге негізделетін принципті ұстанады",- делінген қабылданған резолюцияда.

Осы әдістеме барысында мемлекеттің алты немесе үш жылғы кезеңдегі жалпы ұлттық өнімінің (ЖҰӨ) көрсеткіштері ескеріледі. Егер қандай да бір мемлекеттің экономикасы табысты дамып келе жатса, онда сол мемлекеттің БҰҰ бюджетіне құятын жарнасының көлемі де өсе түспек.

Бірқатар делегациялар, соның ішінде негізгі донарлар болып саналатын АҚШ пен Жапония бұл концепцияға біраз өзгерістер енгізуді ұсынды. Атап айтқанда, елдің ЖҰӨ көрсеткішінің уақытша есеп базасы сияқты техникалық жайттар төңірегінде сөз қозғалды. Жарна шкаласын жасау барысында нарықтық валюта бағамдарын пайдалану салдарынан кіріс көрсеткіштерінің шектен тыс ауытқушылығына және бұрмалануына әкеп соқтыратындығы жайлы өзекті мәселелері талқыланды. Бірақ, айтылған ұсыныстарға қарамастан, мемлекеттің жарна шкаласы бұрынғы әдістеме негізінде бекітілді.

ЖҰӨ бойынша жаңа мәліметтерді есепке алу нәтижесінде Ресейдің БҰҰ бюджетіндегі үлесі 1,2 пайызды құрайды, мұнда жалпы алғанда өткен жылғы жарналар көрсеткішімен салыстырғанда айтарлықтай айырмашылық жоқ. Ресей Федерациясы 2006 жылы 1,1 пайыз төлеген. Беларусь елінің жарнасы 0,018 пайыздан 0,020 пайызға, ал Украина жарнасы 0,039 пайыздан 0,045 пайызға өсті. Қазақстанның үлесі 0,025 пайыздан 0,029 пайызға өсіп отыр.

Армения бұрынғыдай 0,002 пайыз, Изербайжан - 0,005 пайыз, Түрікменстан - 0,006 пайыз, Өзбекстан - 0,008 пайыз, Грузия - 0,003 пайыз төлейді, ал Молдованың, Қырғызстан мен Тәжікстанның үлесі ең төменгі жарна бойынша, яғни БҰҰ жалпы шығынының 0,001 пайызымен бекітілді.

АҚШ негізгі төлеуші болып қала бермек. Жалпы ұйым бюджетінің 22 пайызы осы елге тиесілі. Жапонияның үлесі 3 пайызға қысқартылды. Алдағы үш жылда ол БҰҰ жалпы шығындарының 16,6 пайызын төлейтін болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны