08.12.2009, 14:39 3383

Қазақстанның дағдарыстан кейінгі дамуының стратегиялық жоспары мемлекет басшысына бір айда таныстырылады - Тәжин

Қазақстанның дағдарыстан кейінгі дамуының стратегиялық жоспары мемлекет басшысына бір айда таныстырылады - Тәжин

Астана. 8 желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстанның дағдарыстан кейінгі дамуының стратегиялық жоспары мемлекет басшысына бір айда таныстырылады. Бұл туралы бүгін Ақордада өткен Қауіпсіздік кеңесінің кезекті отырысынан кейін журналистерге ҚР Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Марат Тәжин мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары біршама дәйектелген құжат екенін айта кеткім келеді. Мемлекет басшысы тарапынан берілген бірқатар әдістемелік ескертпелер бар, және соған байланысты оны болымсыз толықтырып, бір айдың ішінде мемлекет басшысының қол қоюына ұсынуға шешім қабылданды", - деді М. Тәжин.

Оның хабарлауынша, сондай-ақ, мемлекет басшысы Қазақстанның дағдарыстан кейінгі дамуының стратегиялық жоспары - "тек экономикалық құжат қана емес екеніне" назар аудады. "Бұл саяси-экономикалық құжат, өйткені ол біздің таяу болашақтағы, алдағы онжылдықтағы айқын бағыт-бағдарымыз", - деді М. Тәжин.

"Бұл құжат жұмылдыру рөлін атқарады", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны