23.04.2012, 13:11 3496

Қазақстанның ДСҰ-ға қосылуы жөніндегі келіссөз үдерісі жалғасуда

Қазақстан делегациясын Экономикалық ықпалдастық мәселелері жөніндегі министр Жанар Айтжанова бастап барған болатын.

Астана. 23-сәуір. Kazakhstan Today - Женева қаласында 18 сәуірде Қазақстанның ДСҰ-на кіруі бойынша Жұмыс тобының 11-ші отырысы өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы ҚР Экономикалық ықпалдастық мәселелері жөніндегі министрінің Хатшылығынан хабарлады.

Қазақстан делегациясын Экономикалық ықпалдастық мәселелері жөніндегі министр Жанар Айтжанова бастап барған болатын.

"2011 жылы позитивті тауар балансы 50 млрд. долларды, жалпы тауар айналымы 125 млрд. долларды құрады. Қазақстанның экономикасына тартылған тікелей шетелдік инвестициялардың көлемі 147 млрд. АҚШ долларынан асты" - деп атап өтті еліміздің соңғы жылдар ішіндегі әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндама жасаған министр Ж.Айтжанова.

Министр сондай-ақ заңнамалық базаны жетілдіруге, елдегі экономикалық үдерістерді ынталандыруға бағытталған жаңа заңдармен және келісімдермен таныстырып өтті.

"Өз кезегінде, АҚШ, Қытай, Бразилия, ЕО, Сауд Арабиясы, Түркия, Мексика, Пәкістан, Жапония, Швейцария, Үндістан, Аргентина және бірқатар елдердің өкілдері Қазақстанның ДСҰ-ға кіруін қолдайтындарын жеткізді", - делінген Экономикалық ынтымақтастық істері жөніндегі министрі Хатшылығының хабарламасында.

Отырыста 2012 жылдың 1 маусымында Қазақстан ДСҰ хатшылығына талқылау барысында айталған мәселелерді ескере отырып қайта қаралған Баяндаманың жаңа жобасын ұсынатыны туралы айтылды.

Жұмыс тобының кеңейтілген құрамдағы келесі отырысын Женева қаласында шілде айының соңында өткізу жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта Қазақстанның сыртқы экономикалық сауда саясатының жүйелі мәселелері және ауыл шаруашылығын қолдау көлемі бойынша көпжақты келіссөздер жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны