16.10.2007, 17:22 2830

Қазақстанның екінші астық форумы Астанада қарашаның аяғында өтеді

Қазақстанның екінші астық форумы Астанада қарашаның аяғында өтеді.

Астана. 16 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанның екінші астық форумы Астанада 29-30 қарашада өтеді. Бұл туралы агенттікке "Қазагромаркетинг" АҚ-ынан хабарлады.

Таратылған баспасөз баянында атап көрсетілгеніндей, форум аясында әлемдік нарықтың даму ағымдары, Қазақстан мен ТМД елдерінде астықты терең өңдеу перспективалары, экспорттың ерекшеліктері мен Қазақстан астығының логистикасына қатысты мәселелер талқыланады.

Бұған қоса конференция барысында ірі әлемдік аграрлық биржалардың тұсаукесері өтеді, ал бұл қазіргі таңда биржалық сауда институттарын құру сатысындағы Қазақстан үшін аса өзекті болмақ.

Форумға Қазақстан, ТМД елдері, Еуропа және араб дүниесі елдерінен 300 астам өкіл қатысады деп күтілуде.

Еске сала кетейік, Қазақстанның бірінші астық форумы 2006 жылы өткен. Конференция жалғасқан екі күн ішінде Қазақстан астығын экспорттау жөнінде 1,2 млн теңгеге 70 келісім-шартына қол қойылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны