26.05.2009, 14:43 4151

Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық жасауы энергетикамен бірге ұлтаралық келісімді тағы бір басымдық ретінде белгілейді - бас комиссар

Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық жасауы энергетикамен бірге ұлтаралық келісімді тағы бір басымдық ретінде белгілейді - бас комиссар

Астана. 26 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық жасауы энергетикамен бірге ұлтаралық келісімді тағы бір басымдық ретінде белгілейді. Бұл туралы ЕҚЫҰ-ның Азшыл ұлттар істері жөніндегі Бас комиссары Кнут Воллебек бүгін Астанаға сапары барысында ҚР Иділет минирстрлігі ұйымдастырған "Көпұлтты қоғамда әлеуметтік ықпалдастықты заңнамалық қамтамасыз ету" атты семинар барысында мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Сіздің ел әлемдегі қауіпсіздік саласындағы ең бір ірі ұйымның тізгінін қолына алғалы отыр. ЕҚЫҰ үшін Қазақстан ең бірінші еуразиялық және бірінші посткеңестік төраға-ел болмақ. Бұған қоса бұрын-соңды ЕҚЫҰ Қазақстан секілді аумағы жағынан ұланғайыр ел басқарып көрген емес. Басқаша айтқанда, 2010 жылды асыға күтетін себептер көп", - деді К. Воллебек.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны