16.02.2010, 10:34 1243

Қазақстанның ЕҚЫҰ-ына төрағалығы ұйымның іс-қызметін жаңаша деңгейге көтеруге мүмкіндік береді - Путин

Қазақстанның ЕҚЫҰ-ына төрағалығы ұйымның іс-қызметін жаңаша деңгейге көтеруге мүмкіндік береді - Путин

Алматы. 16 ақпан. Kazakhstan Today - Ресей Федерациясы үкіметінің төрағасы Владимир Путин Қазақстанның ЕҚЫҰ-ына төрағалығы ұйымның іс-қызметін жаңаша деңгейге көтеруге мүмкіндік береді деп үміттенеді. Бұл туралы ол кеше Мәскеуде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен болған кездесу барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today ИТАР-ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

"Қазақстан ағымдағы жылы ЕҚЫҰ төрағасы болып табылады. Осы жұмысында Қазақстанға табыстар тілегім келеді. Бұрынғы кеңестік кеңістіктегі ел алғаш рет осынау халықаралық ұйымға төраға болып отыр. ЕҚЫҰ Қазақстанның төрағалығымен шын мәнінде өзінің әмбебап мазмұнына ие болады және әуел баста мақсат етіп алған мәселелермен айналысады деген үміттеміз. Бұл, ең алдымен қауіпсіздік бойынша мәселелерді талқылайтын және тек посткеңестік кеңістікте ғана емес, құрлық бойынша демократияны ілгерілету және нығайту жөніндегі мәселелер талқыланатын жақсы алаң болады",- деді Ресей Федерациясы үкіметінің төрағасы Владимир Путин.

РФ үкімет басшысы бұған қоса қаржылық дағдарыс Қазақстан мен Ресейдің сауда-экономикалық қатынастарына кері әсерін тигізбегенін атап өтті. "Мен осыдан екі күн бұрын сіздің елдің үкімет басшысымен сөйлестім. Біз экономикалық ынтымақтастыққа қатысты мәселені талқыладық. Бұл тұста, дағдарысқа қарамастан, қарым-қатынасымыз айтарлықтай дамып келе жатқанын айта кетуім керек", - деді ол.

Өз кезегінде Н. Назарбаев тек сауда және көлік дәліздерін құру мәселесі жайлы ғана емес, инвестициялық ынтымақтастықтың жайын да талқылауды ұсынды. "Бізде Байқоңыр ғарыш айлағын бірлесе пайдалану, ядролық технологиялар салаларында сауалдарымыз бар. Және осы жылдың басында сізбен және РФ президентімен кездесу арқылы біз сағаттарымызды салыстырып отырмыз, ынтымақтастығымыз биыл да жалғасын табады", - деді Қазақстан президенті.

Сондай-ақ, кездесудің басында В. Путин Украинамен арадағы мемлекетаралық байланыстардың бір қалыпқа келетініне және оның посткеңестік кеңістіктегі интеграциялық үдерістерге қайта оралатынына сенім білдірді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны