03.10.2008, 18:15 3071

Қазақстанның ЕҚЫҰ-ына төрағалық жасауы - Еуропа тарапынан берілген жоғары сенім мен жоғары баға - Затлерс

Қазақстанның ЕҚЫҰ-ына төрағалық жасауы - Еуропа тарапынан берілген жоғары сенім мен жоғары баға - Затлерс

Астана. 3 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ-ына төрағалық жасауы - Еуропа тарапынан берілген жоғары сенім мен жоғары баға болмақ. Бұл туралы бүгін Латвия Республикасының президенті Валдис Затлерс ҚР президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының тыңдаушылары алдында сөйлеген сөзінде айтты, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ-ына төрағалық жасаудан алары көп. Бұл Еуропаның Қазақстанға деген сенімі, бұл - аса жоғары баға", -деді В. Затлерс.

"Атлант мұхитынан Қазақстанға дейінгі бүкіл Еуропа аумағы үшін жауапкершілік Қазақстанға жүктелмекші. Бұл - үлкен жауапкершілік. Өйткені, сіздер қазір өзіміз тіпті болжай алмайтын көптеген мәселелер бойынша шешім қабылдайтын боласыздар. Сіздер бұған дайындалуларыңыз, осы процесске жақындай түсулеріңіз керек. Қазақстан оны атқара алатынын дәлелдейтін боласыздар", - деді В. Затлерс.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны