27.01.2010, 17:15 3487

Қазақстанның экономика және бюджетті жоспарлау министрі басқарған делегация Давос форумына қатысуда

Қазақстанның экономика және бюджетті жоспарлау министрі басқарған делегация Давос форумына қатысуда

Алматы. 27 қаңтар. Kazakhstan Today - Қазақстанның экономика және бюджетті жоспарлау министрі басқарған делегация Давос форумына қатысуда, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Швейцарияның Давос қаласында 27 - 31 қаңтар аралығында Дүниежүзілік Экономикалық Форумның жыл сайынғы сессиясы өтеді. Форумға Қазақстан Республикасының экономика және бюджетті жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов бастаған делегация қатысады. Бұл туралы 25 қаңтарда журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Асқар Ибдірахманов құлағдар етті.

Шара аясында қазақстандық делегация мүшелерінің өзара тиімді халықаралық қатынастарды дамыту мәселелері бойынша шетелдік мемлекеттер және халықаралық ұйымдардың өкілдерімен екіжақты кездесулер өткізеді деп жоспарлануда.

Дүниежүзілік Экономикалық Форум - штаб-пәтері Швейцарияның Женева қаласында орналасқан беделді халықаралық үкіметтік емес ұйым. Қалыптасқан дәстүр бойынша оның жыл сайынғы сессиясы қаңтардың аяғында Давос қысқы курортында өтеді және соған байланысты Давос форумы деген бейресми атауға ие.

"Ведомости" газетінің хабарлауынша, 40-шы Давос форумының ұраны - "Ғаламшардың жағдайын жақсарту: қайта ой елегінен өткізу, қайта жоспарлау, әлемді қайта құру". Форумға әлемдік ірі компаниялардың жетекшілері, үкіметтер, халықаралық ұйымдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, танымал экономист ғалымдар секілді 2500 қатысушы жиналып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны