10.07.2009, 15:57 3840

Қазақстанның экономикалық жүйесінің әлемдік экономикаға интеграциялану үдерісінің жалғасуына АҚШ мүдделі - У.Бернс

Қазақстанның экономикалық жүйесінің әлемдік экономикаға интеграциялану үдерісінің жалғасуына АҚШ мүдделі - У.Бернс

Астана. 10 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанның экономикалық жүйесінің әлемдік экономикаға интеграциялану үдерісінің жалғасуына АҚШ мүдделі. Бұл туралы бүгін Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімовпен кездесуде Америка Құрама Штаттары мемлекеттік хатшысының орынбасары Уильям Бернс мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында Қазақстан мен АҚШ арасындағы сауда - экономикалық ынтымақтастықты әрі қарай дамытуға қатысты кең ауқымды мәселелер талқыланды.

Тараптар Қазақстан, Беларусь және Ресей арасындағы кедендік одақты құру мәселелері және осыған байланысты біздің еліміздің Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өтуі мәселесі бойынша пікір алысты.

У.Бернс Қазақстанның экономикалық жүйесінің әлемдік экономикаға интеграциялану үдерісінің жалғасуына АҚШ-тың мүдделілігін растады.

Екі жақ Қазақстан мен АҚШ өзара қарым - қатынасты нығайтуға дайын екенін атап өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны