20.10.2008, 19:17 2834

Қазақстанның елшісі Шри-Ланка президенті Махинда Аджапаксаға сенім грамотасын тапсырды

Қазақстанның елшісі Шри-Ланка президенті Махинда Аджапаксаға сенім грамотасын тапсырды

Астана. 20 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Үстіміздегі жылғы 16 қазанда Коломбо қаласында Қазақстанның Үндістан мен Шри-Ланкадағы елшісі Қ.Омаров Шри-Ланка президенті Махинда Аджапаксаға сенім грамотасын тапсырды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР СІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Иңгіме барысында Қазақстан елшісі мемлекет басшысын Астананың сыртқы саяси бастамалары туралы ақпараттандырып, екіжақты және көпжақты форматтағы өзара тиімді ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, екі ел арасындағы саяси, сауда-экономикалық байланыстарды белсендендіре түсу маңыздылығы аталды.

Шри-Ланка Лидері Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа ізгі тілектерін жолдады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны