18.01.2007, 13:24 4021

Қазақстанның энергетикалық саясаты өзгермейді - үкімет басшысы

АСТАНА. 18-қаңтар. Kazakhstan Today. Қазақстанның энергетикалық саясаты өзгермейді. Бұл туралы бүгін ҚР энергетика және минералды ресурстар министрлігінде өткен алқа мәжілісінде республика үкімет басшысы Кәрім Мәсімов мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Мен баспасөз беттерінен біздің энергиялық ресурстарымызды тұтынушылар мен көршілерден Қазақстанның энергетикалық саясатына қатысты сауалдар көп екенін оқыдым. Еліміздің энергетикалық саясаты өзгермейді деп мен ресми түрде мәлімдеймін. Бұл саясатты мемлекет басшысы айқындайды. Қазақстан сыртқы рынокқа энергетикалық ресурстарды шығарушы міндетін жауапты атқаратын болады",- деді К.Мәсімов.

Үкімет басшысы "Қазақстанның келісім-шарттардың тұрақтылығын қолдайтын ел екенін" атап көрсетті. "Келісім-шарттар орындалады және тағы бір айта кетерлігі, барлық келісім-шарттар Қазақстан халқының игілігіне қазмет етуге тиіс",- деді ол. Осыған байланысты үкімет басшысының пайымдауынша, "энергетика министрлігі мен "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы қолданыстағы келісім-шарттарының аясында барлық мәселелерді еліміз бен ел халқының пайдасына шешуге барынша күш салуға тиіс".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны