29.05.2008, 19:06 3100

Қазақстанның Есеп комитеті мен Кувейттің Мемлекеттік аудит бюросы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

Қазақстанның Есеп комитеті мен Кувейттің Мемлекеттік аудит бюросы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

Астана. 29 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан мен Кувейттің жоғарғы қаржылық бақылау органдарының басшылары ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды агенттік тілшісі Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің баспасөз қызметінің хабарламасына сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Қазақстан мен Кувейттің жоғарғы қаржылық бақылау органдары мемлекеттік қаржылық бақылауды жүзеге асыру тәртіптері мен әдістемелері саласындағы тәжірибесімен алмасады. Тараптар сонымен бірге мамандарды кәсіптік оқыту және біліктілігін шыңдау саласында ықпалдастық орнатпақшы. Келісім аясында бірлескен зерттеулер, семинарлар мен конференциялар ұйымдастырылып өткізіледі.

Сонымен бірге, екі елдің қаржылық бақылау органдары ұлттық заңнамалық актілермен, кәсіби ақпараттармен және мемлекеттік қаржылық бақылауды жүзеге асыру жөніндегі әдістемелермен алмаспақшы.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, құжатқа қол қою рәсімі Есеп комитетінің төрағасы Омархан Өксікбаевтың Кувейттің Мемлекеттік аудит бюросына сапары кезінде өтті.

Есеп комитеті республикалық бюджеттiң атқарылуына сыртқы бақылауды жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк қаржы бақылауының жоғары органы болып табылады. Ол республикалық бюджет қаражатының, сондай-ақ мемлекет кепілдiк берген займдардың, мемлекет мiндеттемелерiн өтеуге республикалық бюджеттен берiлген қаражаттың, байланысқан гранттардың, мемлекет активтерiнiң нысаналы әрі тиiмдi пайдаланылуына бақылау қою міндетін атқарады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны