20.04.2007, 17:40 3105

Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымына 2009 жылы төрағалық ету мүмкіндігі айтарлықтай жоғары - американдық сарапшы

АЛМАТЫ. 20 - сәуір. Kazakhstan Today. Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымына 2009 жылы төрағалық ету мүмкіндігі айтарлықтай жоғары. Мұндай пікірін АҚШ-тың Орта Азия елдеріндегі сарапшысы, АҚШ Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің бұрынғы мүшесі Дэвид Меркель мәлім етті.

"Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымына төрағалық ету мүмкіндігі айтарлықтай жоғары",- деді бүгін ҮІ Еуразиялық МедиаФорумда баяндама жасаған Д. Меркель.

Естеріңізге сала кетейік, 2006 жылы Брюсаелде өткен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымына мүше елдердің сыртқы істер министрлерінің кеңесінде Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымына төрағалық ету туралы өтінішін бекітуді бір жылға кейінге қалтыру туралы шешім қабылданған болатын. Соңғы шешім 2007 жылдың қарашасында Мадридте қабалдануға тиіс.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны