26.12.2008, 14:44 2037

Қазақстанның халықаралық сахнадағы мәртебесі өсіп келеді - Түркия президенті Абдулла Гүл

Қазақстанның халықаралық сахнадағы мәртебесі өсіп келеді - Түркия президенті Абдулла Гүл

Астана. 26 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанның Тәуелсіздік күніне орай мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына алыс және жақын шетелдердің мемлекет басшыларынан құттықтаулар келіп түсуде, деп хабарлайды агенттік тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Қытай Халық Республикасының төрағасы Ху Цзиньтао Қазақстан басшысына өз құттықтауы мен ізгі тілектерін жолдады. Қытай басшысы өз хатында, Президент Н.Назарбаевтың басшылығымен "Қазақстан халқының тәуелсіз егемен мемлекетті құруда, ұлттық экономиканы дамыту мен халықаралық сахнадағы елдің мәртебесін арттыруда айтулы жетістіктерге қол жеткізіп отырғанын" атап көрсетіп отыр. "Тату көрші және стратегиялық серіктес ретінде, Қытай бұл жетістіктерге қуанады. Қазақстанның түрлі салаларда әлі де көптеген табыстарға қол жеткізетіндігіне сенімдіміз", делінген оның құттықтауында.

Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің патшайымы ІІ Елизавета өз хатында, Қазақстанды Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтау ол үшін үлкен құрмет екенін айта келіп, Қазақстан халқына бақыт пен гүлдену тіледі.

Ал Германия Федеративтік Республикасының президенті Хорст Кёлер өз құттықтауында: "Еуропалық Одақ Орталық Азия бойынша Стратегияны қабылдай отырып, Сіздің еліңізбен және көршілеріңізбен серіктестік ынтымақтастыққа дайындығын көрсетіп отыр. "Еуропаға жол" мемлекеттік бағдарламасын әзірлеген Қазақстан болса, осы ұсынысты сындарлы негізде қабылдауға деген өз еркін білдіруде. Құттықтаумен бірге, осынау өзара ынтымақтастықтан туындайтын мүмкіндіктерді бірлесіп пайдаланамыз деген үмітімді де білдіремін", деп атап көрсеткен.

Түрік халқының және жеке өзінің атынан Нұрсұлтан Назарбаевты және барша қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтаған Түркия президенті Абдулла Гүл, "Тәуелсіздік жылдары Қазақстанның дана басшылықпен күннен күнге қарқынды өсіп келе жатқанын және елдің халықаралық сахнадағы мәртебесінің өсіп отырғанын үлкен ықыласпен және ризашылықпен бақылап отырмыз. Исіресе, тарихтың, тіл мен мәдениеттің ортақтығына негізделген Түркия мен Қазақстанның арасындағы өзара қарым-қатынастың дамуы мен нығаюы мені қуантады. Арадағы ынтымақтастығымыз өзара құрмет пен ортақ мүдделер негізінде әрі қарай беки түсетіндігіне сенімдімін", дейді.

Жапония Императоры Акихито президент Н.Назарбаевқа жолдаған хатында: "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай, Аса мәртебелі Президент мырза, Сізге өзімнің шынайы құттықтауымды жолдаймын және халқыңызға бақыт пен гүлдену тілеймін", дейді.

Н.Назарбаевтың атына сондай-ақ Корея Республикасының ррезиденті Ли Мён Бак та құттықтау жолдады. "Соңғы жылдары біздің елдеріміздің арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастық анағұрлым өсіп отыр. Достастық қарым-қатынастардың халықтарымыздың игіліктері үшін алдағы уақытта да дами түсетіндігіне сенімдімін", деген корея басшысы өз хатында.

Қазақстан халқы мен президент Н.Назарбаевтың атына Бельгия Королі ІІ Альберт, Австрия президенті Х. Фишер, Болгария президенті Г.Пырванов, Бразилия президенті Л.Лула да Силва, Грекия президенті К.Папулиас, Польша президенті Л.Качинский, Литва президенті В.Затлерс хаттар жолдап, Ұлттық мерекемен құттықтады.

Мемлекет басшысын сондай-ақ Изербайжан президенті И.Илиев, Армения президенті С.Саргисян, Қырғызстан президенті Қ.Бәкиев, Тәжікстан басшысы Э. Рахмонов, Түрікмен басшысы Қ.Бердымұхаммедов, Өзбекстан президенті И.Кәрімовтар құттықтады.

Сингапур президенті С.Натан, Индонезия президенті С. Юдойоно, Израиль басшысы Ш.Перес, Ливан басшысы М.Суйлеман, Палестинаны азат ету ұйымының жетекшісі М.Аббас, Австралия генерал-губернаторы К.Брайс, Бекзада IV Аға Хан да Тәуелсіздік күніне орай Қазақстан президентіне құттықтаулар жолдаған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны