30.11.2012, 17:47 7312

Қазақстанның қарқынды дамуын экономикалық реформалар қамтамасыз етуде

Бұл тцралы Хорватияның бұрынғы президенті Степан Месич Бірінші Назарбаев оқулары халықаралық форумында сөйлеген сөзінде айтып өтті деп хабарлайды премьер-министрінің баспасөз қызметінен.

Астана. 30-қараша. Kazakhstan Today - Қазақстанның қарқынды дамуын экономикалық реформалар қамтамасыз етуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл тцралы Хорватияның бұрынғы президенті Степан Месич Бірінші Назарбаев оқулары халықаралық форумында сөйлеген сөзінде айтып өтті деп хабарлайды премьер-министрінің баспасөз қызметінен.

"Мен маңызды қоғамдық, саяси, әлеуметтік және экономикалық реформалардың негізінде жедел дамып отырған елді көріп отырмын. Мен ядролық қатерді азайтуды қолдаушы және жаппай қырып-жоятын қарудың таралуына қарсы әлемдік қозғалыстың көшбасшысы атануға лайық елді көріп отырмын", - деді С.Месич өз сөзінде.

Оның айтуынша, мемлекеттердің, халықтар мен жекелеген тұлғалардың теңдігі мен тең құқықтарына негізделген, әр халықтың өз үкіметін сайлау құқығына, сондай-ақ соғыстың салдарын жоюда барлық ел мен халықтың бірлесіп әрекет ету қағидаларына негізделген жаңа әлем құруға Қазақстан да өз үлесін қоса алады.

Қазақстан сондай-ақ, кедейшілік пен артқа қалушылықты да жоюға үлес қоса алады, деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, Астанада "Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан" тақырыбына арналған Назарбаев оқулары халықаралық форумы өтуде.

Форум жұмысына Италия, Ұлыбритания, Ресей, Румыния, Сингапур, АҚШ, Франция және тағы басқа елдердің ғалымдары қатысуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны