04.02.2011, 15:11 4271

Қазақстанның КО елдеріміне арадағы сыртқы сауда көлемі 2010 жылы 40 пайызға өскен

Қазақстанның КО елдеріміне сыртқы сауда көлемі 2010 жылдың 11 айында 40 пайызға өскен, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 4 - ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстанның КО елдеріміне сыртқы сауда көлемі 2010 жылдың 11 айында 40 пайызға өскен, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, 2010 жылдың 11 айында Кедендік одақ елдерімен Қазақстанның сыртқы сауда көлемі 40%-ға артты, делінген бүгін таратылған Экономикалық даму және сауда министрлігінің хабарламасында.

"Кедендік одақ елдерімен сыртқы сауда көлемі 40%-ға - 11,4 млрд доллардан 16 млрд долларға дейін өсті", - делінген баспасөз баянында.

Жалпы алғанда, одақ елдерімен сыртқы сауда үлесі Қазақстанның жалпы тауар айналымының 19,9%-ын құраған.

"Кедендік одақ жұмысының алғашқы қорытындысы өткен жылдың 11 айында Ресеймен өзара сауда көлемі 39,2%-ға, Белоруссиямен 64,7%-ға артқанын көрсетеді", - деп атап өтті баспасөз қызметінен.

Қазақстан, Ресей және Белоруссия аумағында 6-шілдеден бастап Кедендік одақ кодексі күшіне енгенін еске салып өтеміз. 2011 жылдың 1-ші шілдесінен КО елдері арасындағы кедендік шекаралар толығымен алынып тасталды, 2012 жылдың 1-қаңтарынан бұл елдер бизнес жұмысының бірыңғай қағидалары қолданылатын, Бірыңғай экономикалық кеңістікке (БЭК) бірігеді деп күтілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны