28.09.2006, 11:54 2956

Қазақстанның көшбасшылығы және Құрама Штаттармен ядролық қаруды таратпау саласындағы ынтымақтастығы басқа елдер үшін үлгі болып табылады - конгресс қарары

ВАШИНГТОН. 28-қыркүйек. Kazakhstan Today. Қазақстанның көшбасшылығы және Құрама Штаттармен ядролық қаруды таратпау саласындағы ынтымақтастығы басқа елдер үшін үлгі болып табылады. Бұл туралы АҚШ когрессінің қарарында айтылған. Кездесуде сөз сөйлеген АҚШ Конгресінің беделді мүшелерінің бірі Том Лантос Нұрсұлтан Назарбаевқа әлемдегі аса ірі екінші ядролық полигонның жабылуының 15-жылдығымен Қазақстанды құттықтаған АҚШ Конгрессі өкілдер палатасының № 905 қарарын тапсырды.

Қарарда "Қазақстанның көшбасшылығы және Құрама Штаттармен ядролық қаруды таратпау саласындағы ынтымақтастығы басқа елдер үшін үлгі болып табылады" деп айрықша атап көрсетілген.

Құжатта атап көрсетілгеніндей, өкілдер палатасы "өзінің ядролық және биологиялық қаруын, сондай-ақ зауыттарын жою арқылы халықты жаппай қырып-жоюға арналған қару-жарақты таратпау ісіне қомақты үлес қосқан Қазақстанның талпыныстарын жоғары бағалайды". "Өкілдер палатасы АҚШ әкімшілігін бұрынғы Кеңес одағы таррапынан Семей өңірінде ядролық сынақтар жүргізу арқылы қоршаған орта мен адамдардың денсаулығына келтірген шығынды анықтауға қолдау көрсету үшін Қазақстан үкіметімен бірлесіп жұмыс тобын құруға шақырады",- делінген қарарда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны