04.12.2007, 14:44 1650

Қазақстанның мемлекеттік хатшысы Эстония мен Кувейттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады

Қазақстанның мемлекеттік хатшысы Эстония мен Кувейттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады

Астана. 4-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаев Эстония мен Кувейттің төтенше және өкілетті елшілері Марина Кальюранд пен Азиз Рахим аль-Деханиден сенім грамоталарын қабылдады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Мен Эстонияның Қазақстандағы бірінші елшісі ретінде сенім грамотасын тапсыру мүмкіндігін алғаныма өте қуаныштымын. Бізде осы күнге дейін тағайындалған елші болған жоқ",- деді М. Калбранд сенім грамотасын тапсыру салтанатынан кейін өткен брифингте. "Мен бұл қадам Эстония мен Қазақстан арасындағы қатынастардың дамып келе жатқандығын көрсетіп отыр деп сенемін",- деп атап көрсетті ол.

"Біз бір жыл ішінде Алматыда Эстонияның құрметті консулын тағайындауды жоспарлап отырмыз, бұл да екіжақты қатынастарды дамытуға себепші болады",- деп хабарлады елші.

Азиз Рахим аль-Дехани өз кезегінде Кувейттің Қазақстанмен арадағы екіжақты ынтымақтастығын одан әрі нығайтуыға мүделлі екендігін атап өтті.

"Біз екі мемлекеттің президенттері тарапынан екі жақты қатынастарды дамытуға деген нұсқаулары мен талпынастары бар екендігін білеміз",- деді кувейттік дипломат.

Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігінің мәліметтеріне сүйенсек, Қазақстан мен Эстония арасындағы тауар айналымы 2007 жылдың қаңтар - қазан айларында 37,8 млн АҚШ долларын құраған. Қазақстанда эстондық капиталдың қатысумен құрылған 8 бірлескен кәсіпорын тіркелген.

Қазақстан мен Кувейт арасындағы тауар айналымы үстіміздегі жылдың 9 айында 80 мың АҚШ долларына жеткен, олардың 60,2 мың АҚШ доллары - экспорт, 19,8 мың АҚШ доллары - импортты құрап отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны