18.09.2007, 16:46 3105

Қазақстанның мемлекеттік хатшысы Норвегия мен Албанияның төтенше және өкілетті елшілерінен сенім грамотасын қабылдады

Қазақстанның мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаев Норвегияның төтенше және өкілетті елшісі Метте Конгсхем мен Албанияның елшісі Теодор Панди Лячоның сенім грамотасын қабылдады.

Астана. 18 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанның мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаев Норвегияның төтенше және өкілетті елшісі Метте Конгсхем мен Албанияның елшісі Теодор Панди Лячоның сенім грамотасын қабылдады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Мен үшін Норвегияның Қазақстандағы елшісі болу үлкен құрмет және мен екі ел арасындағы қарым- қатынасты нығайтуға бар күшімді саламын",- деді М. Конгсхем Қазақстанның мемлекеттік хатшысымен келіссөздер жүргізгеннен кейін өткен брифингте. Ол сондай-ақ, "Қазақстан үкіметі елдегі экономиканың дамуына үлкен күш жұмсап отыр, бұл ынтымақтастық үшін көп мүмкіндіктер береді", деп атап өтті. "Біз экономикалық салада да, саяси салада да екіжақты өзара қатынастарды одан әрі дамытуға мүдделіміз",- деп атап көрсетті Метте Конгсхем.

Албанияның елшісі өз кезегінде, "Қазақстан соңғы жылдары экономикалық және саяси тұрғыда нығайып келеді, және Албания үкіметі екіжақты қатынастарды кеңейту қажет деп санайды", деп атап өтті. "Біз екі ел арасындағы қатынастың осы күнге дейін ойдағыдай дамымағандығын мойындауымыз қажет",- деп қосты ол.

"Қазақстан қазіргі уақытта өз инвестициясын ТМД елдеріне ғана емес, Еуропа елдеріне де салып отырған инвестор болып табылады. Және де Албания үкіметі Қазақстанды экономиканың әртүрлі салаларына инвестиция жұмсауға шақыруға дайын",- деп қорытындылады.

Ресми мәліметтерге сүйенсек, 2007 жылдың қаңтар - шілде айларындағы Қазақстан мен Албания арасындағы тауар айналымы 604,5 мың АҚШ долларын, ал 2006 жылы - 300,7 мың АҚШ долларын құраған.

Норвегияның статистика жөніндегі агенттігінің мәліметтеріне сүйенсек, 2006 жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 117 млн кронды, ал 2007 жылдың 5 айында - 90 млн кронды құраған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны