11.06.2008, 18:56 2695

Қазақстанның мемлекеттік хатшысы Солтүстік Атлантикалық альянстың Парламенттік Ассамблеясының президенті Жозе Лелло мен бас хатшысы Дэвид Хоббсты қабылдады

Қазақстанның мемлекеттік хатшысы Солтүстік Атлантикалық альянстың Парламенттік Ассамблеясының президенті Жозе Лелло мен бас хатшысы Дэвид Хоббсты қабылдады

Астана. 11 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Ақордада бүгін Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаев Солтүстік Атлантикалық альянстың Парламенттік Ассамблеясының президенті Жозе Лелло мен бас хатшысы Дэвид Хоббсты қабылдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу кезінде тараптар Қазақстан мен Солтүстік Атлантикалық альянстың арасындағы қатынастың жай-күйі мен өзара ынтымақтастықтың болашағын, өңірлік қауіпсіздік пен Ауғанстандағы жағдайдың тұрақтануын талқылады.

Кездесуде мемлекеттік хатшы: "Солтүстік Атлантикалық альянспен арадағы өзара ықпалды іскерлік қарым-қатынас Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ұстанып келе жатқан көп қырлы саясатының басым бағыты болып табылады. Бүгінгі әлемдегі интеграция мен өңірлік қауіпсіздік жүйесі ұлттық қауіпсіздіктің ең басты тетігі болып саналады, біз Солтүстік Атлантикалық альянспен өзара тиімді және тең құқылы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделіміз", - деп мәлімдеді.

Қазақстанның Солтүстік Атлантикалық альянспен қатынасының тарихы 1992 жылдарға кетеді, Қазақстан сол кезде Солтүстік Атлантикалық кеңеске қосылды, /кейін ол еуроатланттық әріптестік Кеңесі деп аталды/. Тығыз қарым-қатынастың негізі Қазақстанның "Бейбітшілік үшін әріптестік" бағдарламасына қосылуына орай 1994 жылы қаланды, бір айта кетерлік жай, Ақордадағы кездесуде ҚР-ның осы кеңеске мүше болуы туралы Келісімде еліміздің сол кездегі Сыртқы істер министрі Қ.Саудабаевтың қолы қойылғаны да еске алынды. 2002 жылы Қазақстан әскери және қорғаныстық салалардағы әріптестікті одан әрі кеңейтті, сөйтіп, оның жоспарлау және саралау процессіне қосылды. Содан кейін, 2006 жылы Қазақстан Иріптестіктің жекеше іс-қимыл жоспарын жасап, онда "Солтүстік Атлантикалық альянсқа қатысушы 26 ел және 1 плюс" форматындағы іскерлік және саяси үнқатысу жүргізу арқылы ҚР мен Солтүстік Атлантикалық альянс арасындағы байланысты жаңа сапалық деңгейге көтеруде Орталық Азиядағы бірінші және қазіргі дейін жалғыз ел ретінде танылды. Жоспардың басым бағыты: саяси үнқатысу, қорғаныстық қайта жасақтау, Қарулы күштерді модернизациялау, терроризмге қарсы күрес, азаматтық шұғыл жоспарлау, шекаралық қауіпсіздік, ғылыми бағдарламалар және қоғамдық дипломатия.

Ирактағы "Казбат" бөлімшелерінің көпұлтты күштері құрамындағы жұмысы Альянс мемлекеттерімен қарым-қатынасының деңгейі жоғары екенін және сапасының жақсылығы Қазақстанның халықаралық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметінің оң әрекеті болып саналады.

Кездесуде Қ. Саудабаев: "Қазақстан қауіпсіздікті сақтау жолындағы халықаралық ықпалдастықтың НАТО қамқорлығындағы Ауғанстандағы кикілжіңді жағдайлардың ойдағыдай шешілуін қолдайды. Илемдік қауымдастық Ауғанстанның экономикалық және саяси қалыптасуын реттеуге барынша белсенді араласуға шақырады. Сонымен қатар, Қазақстан Ауғанстанмен, Орталық Азия елдерімен және әлемдік қауымдастықтың басқа да елдерімен бірлесе отырып есірткі таратуға, трансұлттық қылмыстардың күшеюіне қарсы күреседі. НАТО-мен Еуропалық Одақтың тиімді өзара қарым-қатынасы болмаса, бұл өңірдегі проблемаларды шешу күмән туғызады", - деді.

Солтүстік Атлантикалық альянстың Парламенттік Ассамблеясы парламентаралық ұйым болып табылады, ол 1995 жылдан бастап Солтүстік Атлантикалық альянсқа қатысушы мемлекеттердің заң шығару форумына қатысады және қауіпсіздік мәселелері бойынша парламентшілер арасындағы өзара қарым-қатынастың дамуына негіз қалайды. Қазақстан Орталық Азия бойынша Солтүстік Атлантикалық альянстың Парламенттік Ассамблеядағы бақылаушы статусына ие.

"Қазақстан - біз үшін ерекше мемлекет. Өйткені Қазақстан бүгіндері Солтүстік Атлантикалық альянспен, Солтүстік Атлантикалық альянстың Парламенттік Ассамблеясымен және басқа да еуроатлантикалық құрылымдармен тығыз ынтымақтастықты дамытып келе жатқан болашағы зор тұрақты мемлекет. Біздің бұл ынтымақтастығымыз табысты деп айтуға болады және келешекте бізді әлі де аса тығыз байланыстардың күтіп тұрғанына сенімдімін", - деді кездесу соңында Ж.Лелло.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны