07.07.2009, 18:05 2900

Қазақстанның мемлекеттік органдары мен бейресми ұйымдарының өкілдері Венада өтетін адами өлшем жөніндегі екінші қосымша кеңеске қатысады - СІМ

Қазақстанның мемлекеттік органдары мен бейресми ұйымдарының өкілдері Венада өтетін адами өлшем жөніндегі екінші қосымша кеңеске қатысады - СІМ

Астана. 7 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанның мемлекеттік органдары мен бейресми ұйымдарының өкілдері ЕҚЫҰ басқаруымен Венада өтетін адами өлшем жөніндегі екінші қосымша кеңеске қатысады. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

"9 - 10 шілдеде Венада ЕҚЫҰ-ның адами өлшем бойынша діни сенім-наным еркіндігі жөніндегі екінші қосымша кеңесі өтеді", - деді Е. Ашықбаев.

Ресми өкілдің айтуынша, кеңеске Қазақстанның мемлекеттік органдары мен бейресми ұйымдарының өкілдері қатысады.

Кеңестің күн тәртібінде үш сессия бойынша жұмыстар жүргізіліп, оларда ЕҚЫҰ өңірінде діни және сенім-наным еркіндігін орындау бойынша міндеттемелер, діни қоғамдастықтар мен діндарлардың деңгейін көтеру тақырыбы қаузалады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны