05.10.2009, 17:50 2916

Қазақстанның парламенттік делегациясы Афины қаласында өтетін ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының күзгі отырысына қатысады

Қазақстанның парламенттік делегациясы Афины қаласында өтетін ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының күзгі отырысына қатысады

Астана. 5 қазан. Kazakhstan Today - Афины қаласында 9-12 қазан аралығында ҚР парламенті сенатының төрағасы, ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының вице-президенті Қасымжомарт Тоқаев бастаған парламенттік делегация ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының күзгі отырысына қатысады. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Күзгі отырыс шеңберінде "Аймақтық ынтымақтастық және энергетикалық қауіпсіздік", "Ауа райы және қоршаған орта саласындағы саясат - Копенгагенге сапар", "Адам қауіпсіздігі үшін табиғи қорлардың үйлесімді пайдалануы" атты үш тематикалық сессиядан тұратын "Энергетикалық қауіпсіздік және қоршаған орта" деген тақырыпта парламенттік конференциялары өткізіледі деп күтілуде",- деді ресми өкіл.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны