20.06.2008, 10:34 2450

Қазақстанның парламенттік делегациясы Изербайжан Милли Меджлисінің 90 жылдығына арналған шаралар аясында болған арнаулы сессияға қатысты

Қазақстанның парламенттік делегациясы Изербайжан Милли Меджлисінің 90 жылдығына арналған шаралар аясында болған арнаулы сессияға қатысты

Астана. 20 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған қазақстандық парламенттік делегация Изербайжан Милли Меджлисінің 90 жылдығына арналған шаралар аясында Бакуде кеше болған арнаулы сессияға қатысты, деп хабарлайды агенттік тілшісі сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қ.Тоқаев Қазақстан Республикасы парламентінің барлық депутаттарының атынан әзірбайжандық әріптестерін елдің бірінші Ұлттық жиналысының құрылғанына 90 жыл толуымен құттықтады және бірінші әзірбайжан мемлекеті мен елдің Милли меджлисінің 90 жылдық мерейтойы Изербайжан халқының бостандық пен халық билігі құндылықтарына айнымастығының айғағы екенін атап өтті.

"Қазіргі кезде Сіздердің елдеріңіз кавказ аймағындағы экономикалық көрсеткіштер мен әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша жетекші ел болып табылады.

Осы заманғы Изербайжан жетістіктері туралы айта келіп біз өз халқының ұлы перзенті, көрнекті мемлекет қайраткері Гейдар Илиевке лайықты орнын беруге тиіспіз. Гейдар Илиев осы заманғы қазақ мемлекеттігінің негізін салушы, Президент Нұрсұлтан Назарбаевты құрмет тұтты. Оларды Қазақстан мен Изірбайжан арасындағы өзара тиімді достық қарым-қатынастарды нығайтуға бағытталған ортақ мүдделер байланыстырды. Екі басшы қалыптастырған екіжақты байланыстар екі бауырлас мемлекет ынтымақтастығының келешегіне сеніммен қарауға мүмкіндік береді. Жалпыұлттық басшы Н.Назарбаевы бар Орталық Азия аймағындағы жетекші ел ретінде танылған Қазақстан сіздердің елдеріңізбен ынтымақтастыққа ерекше мән береді", деді Қ.Тоқаев.

Төраға сонымен қатар бүгінгі Изербайжан Қазақстанның кавказ аймағындағы стратегиялық әріптесі екенін атап өтті. Біздің елдеріміз экономика және саяси салада, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен жаңа қатерлерге қарсы іс-қимылда жемісті ынтымақтасып келеді. Елеулі энергетикалық әлеуеті бола отырып Қазақстан мен Изербайжан келісілген транзиттік саясат жүргізеді, Каспий бассейнінде табиғи ресурстарын қорғау ісінде өзара іс-қимылды жүзеге асырады. Жыл сайын мәдени-гуманитарлық байланыстар нығайып келеді.

Біздің елдеріміздің парламенттері деңгейінде де байланыстар белсенді түрде дамып келеді. Саяси үнқатысуды нығайту мен сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты өрістетуде парламентшілердің рөлі маңызды болып отыр. Қазақстан Парламенті Изербайжанның жоғары заң шығарушы органын елдің аумақтық тұтастығы мәселелері жөнінде қолдау білдіреді.

Түркітілдес мемлекеттердің Парламенттік ассамблеясын құру туралы Қазақстанның бастамасы әзербайжан әріптестерден қолдау тауып отырғанын айта келіп Қ.Тоқаев парламентаралық ассамблеяның аясында өзара іс-қимылды нығайту туралы ойларын ортаға салды. Ол сондай-ақ Изербайжанның парламенттік делегациясын ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының 17 сессиясына қатысуға шақыруын нақтылады.

Қазақстан делегациясының басшысы Изербайжанның жалпы ұлттық басшысы Гейдар Илиевтің зираты мен "Шейіттер аллеясы" мемориалдық кешеніндегі Мәңгі алау қасына гүл қою рәсіміне қатысты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны