06.12.2012, 10:03 1971

Қазақстанның премьер-министрі Қырғызстанның президентімен екі елдің ынтымақтастығының болашағын талқылады

Тараптар сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамытудың жай-күйі мен перспективаларын талқылады.

Бішкек. 6-желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстанның Премьер-Министрі Серік Ахметов Қырғыз Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаевпен кездесті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Тараптар сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамытудың жай-күйі мен перспективаларын талқылады.

"ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қырғызстанға сапарынан кейін біздің елдеріміздің арасындағы екі жақты қарым-қатынас жаңа деңгейге көтерілді. Қырғызстан бұдан кейін де Қазақстанмен ынтымақтастықты дамытып әрі нығайта беретін болады. Біз сіздің елдің бізге көрсетіп отырған қолауын өте жоғары бағалаймыз", - деп атап өтті кездесу барысында А.Атамбаев.

Өз кезегінде, С.Ахметов екіжақты қарым-қатынастың үйлесімді әрі тұрақты дами беретініне сенім білдірді. "Қазақстан Қырғызстанмен сауда-экономикалық байланысты кеңейтіп және нығайтуға мүдделі", - деп мәлімдеді Қазақстан Үкіметінің басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны