27.02.2009, 18:52 3106

Қазақстанның Ресей Федерациясындағы төтенше және өкілетті елшісі Дмитрий Медведевке сенім грамотасын тапсырды

Қазақстанның Ресей Федерациясындағы төтенше және өкілетті елшісі Дмитрий Медведевке сенім грамотасын тапсырды

Алматы. 27 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы төтенше және өкілетті елшісі Иділбек Жақсыбеков бүгін Кремльде Ресей Федерациясының президенті Дмитрий Медведевке сенім грамотасын тапсырды, деп хабарлайды агенттік тілшісі Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы елшілігінің хабарламасына сілтеме жасап.

Салтанатқа Ресей президентінің көмекшісі Сергей Приходько мен РФ Сыртқы істер министрі Сергей Лавров қатысты.

Дәстүр бойынша ресейлік лидер ең көкейкесті халықаралық проблемаларға арналған, сондай-ақ Ресейдің Қазақстанмен қатынасын білдіретін сөз сөйледі.

"Біз өзіміздің стратегиялық одақтасымыз - Қазақстанды жоғары бағалаймыз. Жыл өткен сайын біздердің әріптестігіміз кең қанат жая түсуде, ол ірі жобалармен толығуда, біздер ТМД, ЕурАзЭҚ, ҰҚШҰ, ШЫҰ және АӨІСШК аясында, сондай-ақ БҰҰ және ЕҚЫҰ аясында көпжақты форматтағы ынтымақтастықты белсенді түрде жалғастырудамыз", - деді Дмитрий Медведев.

Шетелдік елшінің өзі келген елдің президентіне сенім грамотасын тапсыру рәсімі елшінің дипломатиялық қызметінің басталғанын білдіреді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны