17.06.2010, 12:29 3315

Қазақстанның Шекара қызметі Қырғызстанның өзбек ұлтты азаматтарының ел аумағынан шығуына тыйым салу туралы ақпаратты жоққа шығарды

"Бірқатар БАҚ Қырғызстанның Шекара қызметіне сілтеме жасай отырып Қазақстанның Шекара қызметі Қырғызстанның өзбек ұлтты азаматтарының ел аумағына кіруіне тыйым салыпты мыс деген ақпаратты жария еткен болатын. Осыған байланысты аталмыш хабардың шындыққа жанаспайтындығына ресми түрде түсінік береміз",- деп айтылған хабарламада.

Алматы. 17-маусым. Kazakhstan Today Қазақстанның Шекара қызметі Қырғызстанның өзбек ұлтты азаматтарының ел аумағына кіруіне тыйым салу туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі ҚР Шекара қызметінің хабарламасына сілтеме жасай отырып.

"Бірқатар БАҚ Қырғызстанның Шекара қызметіне сілтеме жасай отырып Қазақстанның Шекара қызметі Қырғызстанның өзбек ұлтты азаматтарының ел аумағына кіруіне тыйым салыпты мыс деген ақпаратты жария еткен болатын. Осыған байланысты аталмыш хабардың шындыққа жанаспайтындығына ресми түрде түсінік береміз",- деп айтылған хабарламада.

"Қазақстанның Шекара қызметінің бұрындары хабарлағанындай, Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы мемлекеттік шекарадағы қызмет жоспарлы түрде күшейтілген, бұл Қырғызстандағы ахуалдың тұрақсыздығына байланысты",- деп түсіндірілген баспасөз баянында.

Бұрын хабарлағанымыздай, Қазақстан Өзбекстан шекарасын жауып, Қырғызстанның өзбек ұлтты азаматтарының ел аумағынан шығуына тыйым салған болатын.

Чолпонбек Турусбеков хабарлауынша, кеше Қазақстанның Шекара қызметі біржақты тәртіппен Өзбекстан шекарасын жауып, 12.00 Қырғызстанның Шекара қызметіне Қырғызстанның өзбек ұлтты азаматтарының ел аумағына кіруіне тыйым салынғандығы туралы ресми хабарлама жолдаған.

Чолпонбек Турусбековтың мәлімдеуінше, Қазақстанның Шекара қызметінің қызметкерлері 2010 жылдың 15-маусымынан бастап "Чалдовар-автодорожный" өткізу пункті арқылы Қырғызстанның 283 өзбек азаматын, оның ішінде 12 баланы шығарған.

Тексеру барысында, олардың барлығы Ош және Жалал-Абад облыстарының азаматтары екендігі белгілі болған. Олардың көбі Шу ауданында жұмыс істеген, бірақ елдің оңтүстігіндегі оқиға басталғаннан кейін олар қазақстанның "Черняевка" өткізу пункті арқылы Өзбекстанға өте бастаған.

"Шекара асушылар санының көптігін байқаған қазақстандық шекарашылар 14.00 біржақты тәртіппен шекараны жапқан. Біздің азаматтар қазақстандық өткізу пункітінің маңына шоғырлана бастаған, мұны байқаған Қазақстан шекарашылары бізге хабар беріп, оларды "Чалдовар-автодорожный" өткізу пунктіне әкелген",- деді Чолпонбек Турусбеков.

Ол 16.30 Қырғызстанның тағы 26 өзбек азаматын әкелгендігін айтып өтті. Тексеруден кейін олардың Қазақстан мен Ресей аумақтарында жұмыс істегендіктері белгілі болды.

Олар шекарадан қырғыз аумағына өткеннен кейін оларды орналастырумен Қырғызстан Республикасының Еңбек, жұмыспен қамту және көші-қон министрлігі айналысады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны