08.02.2010, 17:36 2920

Қазақстанның СІМ Ил-76 экипажын босату туралы ұсыныс жасағаны үшін Таиланд үкіметіне ризашылық білдіреді және ұшқыштар босатылады деп сенеді

Қазақстанның СІМ Ил-76 экипажын босату туралы ұсыныс жасағаны үшін Таиланд үкіметіне ризашылық білдіреді және ұшқыштар босатылады деп сенеді

Астана. 8 ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстанның СІМ Ил-76 экипажын босату туралы ұсыныс жасағаны үшін Таиланд үкіметіне ризашылық білдіреді және ұшқыштар босатылады деп сенеді. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Асқар Ибдірахманов құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Таиланд үкіметіне біз ұшқыштарды босату туралы ұсыныс жасағаны үшін ризамыз", - деді А. Ибдірахманов. Осы орайда оның айтуынша, "босату туралы өтініш толық прокуратураның құзыретінде".

"Біз тай прокуратурасының объективтілігі мен әділеттіліктен үміттенеміз және біздің ұшқыштар үшін оң шешім шығарылады деп сенеміз", - деді СІМ өкілі.

Ол еске салып өткендей, Ил-76 экипажына қатысты істі кезекті тыңдау 11 ақпанға белгіленген. "Таиланд прокуратурасы бұл күні істі жабу немесе қамауда ұстау мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдай алады", - деді ол.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Таиланд үкіметі бас прокуратурадан Бангкок қаласында ұсталған Ил-76 экипажына қатысты істі жауып, ұшқыштарды босатуды сұрады, деп хабарлайды Kazakhstan Today "Вести.Ru" сайтына сілтеме жасап.

"Министрлер кабинеті бас прокуратураға Қазақстанның төрт, Беларусь Республикасының бір азаматын босату жөнінде ұсыныс жолдады", - деп мәлімдеді Таиланд сыртқы істер министрі, бірақ ол бұл мәлімдеменің егжей-тегжейі жайлы хабарлаған жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны