18.10.2007, 14:19 2678

Қазақстанның Сыртқы істер министрі Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңеске қатысушы мемлекеттерге Ауғанстанға шамасынша экономикалық көмек көрсетуді ұсынды

Қазақстанның Сыртқы істер министрі Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңеске қатысушы мемлекеттерге Ауғанстанға шамасынша экономикалық көмек көрсетуді ұсынды.

Астана. 18-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңеске қатысушы мемлекеттерге Ауғанстанға шамасынша экономикалық көмек көрсетуді ұсынады. Бұл туралы Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрі Марат Тажин кеше, 17-қазанда, Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің аға лауазымды тұлғаларының салтанатты отырысы барысында мәлім етті.

"Ауғанстан бүкіл халықарылық қауымдастықтың алаңдаушылығын тудыратын аймақтық тұрақсыз аймақтардың бірі болып қала бермек. Біз барлығымыз жақын арада осы елдің өмірінің "бейбітшілік жолына өтіп, экономикасының қалпына келуінен мүдделіміз. Бұл ахуал, біздің пайымдауымызша, Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңеске мүше мемлекеттер Ауғанстанға шамасынша экономикалық көмек көрсету жөнінде бастама көтерсе",- деп айтылған баяндама мәтінінде.

Сонымен қатар, қазақстандық сыртқы істер министрінің баяндамасыда, кеңес үшін "жалпы бағыты бойынша жақын ШЫҰ, ЕурАзЭҚ, ЕҚЫҰ, АСЕАН, Азиядағы ынтымақтастық келіссөздері, Экономикалық ынтымақтатсық ұйымы, АТЭС, СААРК сияқты бірлестіктермен серіктестік қатынас орнату өте пайдалы болар еді", деп атап көрсетілген.

"Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес ашық форум ретінде аталмыш ұйымдармен бәсекелеспейді, сондықтан да аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жалпы жүйесіндегі байланыс элементі болар еді. Біз, заманауи қауіптерге тиімді қарсы тұру барлық Азия елдерінің келісілген күшін, ынтымақтастықтың колдағы көпжақты құрылымдары мен механизмдерінің қайтарымын көтеруді талап ететіндігіне сенімдіміз",- деп көрсетілген құжатта.

Қазіргі уақытта Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңеске қатысушы 18 ел бар: Ауғанстан, Изербайжан, Қытай, Монголия, Египет, Индия, Иран, Израиль, Қазақстан, Қырғызстан, Пәкістан, Палестина, Корея, Ресей, Тәжікстан, Таиланд, Түркия және Өзбекстан. Сонымен қатар, Индонезия, Жапония, Малайзия, Украина, АҚШ, Вьетнам, сондай-ақ БҰҰ, ЕҚЫҰ және Араб мемлекеттерінің лигасы ұйымға бақылау жасайтын мәртебеге ие.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны