18.02.2008, 15:09 3056

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Косовоның тәуелсіздігін жариялауына байланысты мәлімдеме жасады

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Косовоның тәуелсіздігін жариялауына байланысты мәлімдеме жасады

Астана. 18-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан мемлекеттің аумақтық тұтастығының бұзылуын және тәуелсіздікті бір жақты жариялауды хош көрмейді. Бұл туралы бүгін өткен брифингте Косоводағы жағдайға байланысты республиканың позициясын айқындай отырып, Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ержан Ашықбаев мәлімдеді.

"Қазақстан барлық мойындалмаған мемлекеттер үшін прецедент ретінде бағалануы мүмкін қадам ретінде мемлекеттің аумақтық тұтастығының бұзылуын және тәуелсіздікті бір жақты жариялауды қолдамайды", - деп мәлімдеді Е. Ашықбаев.

"Сонымен бірге Хельсинки қорытынды актісі мемлекеттердің шекараларын бейбіт жолмен және келісім бойынша халықаралық құқыққа сәйкес өзгертуге рұқсат береді. Осыған байланысты Қазақстан халықаралық қоғамдастықтың, оның ішінде, БҰҰ, ЕҚЫҰ және Еуроодақ аясында Косово шиеленісін реттеу жөнінде өзара тиімді шарттарға қол жеткізуге бағытталған келісілген бастамаларды қолдайды", - деп атап көрсетті ол.

"Қазақстан жағы жағдайды жіті бақылауында ұстап отыр және халықаралық құқық негізінде барлық тараптарды қанағаттандыратын шешімге қол жеткізуге шақырады", - деді Е. Ашықбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны