10.12.2007, 15:03 1748

Қазақстанның сыртқы саясатындағы басымдықтар сақталады - Назарбаев

Қазақстанның сыртқы саясатындағы басымдықтар сақталады - Назарбаев

Астана. 10 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанның сыртқы саясатындағы басымдықтар сақталады. Бүгін елімізде аккредитацияланған шетелдік дипломатиялық корпуспен кездесуде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Еліміздің сыртқы саясатындағы басымдықтар сақталады", - деді президент. "Қазақстан ядролық қаруды тежеуге, халықаралық лаңкестікпен, діни экстремизммен, есірткі саудасымен және басқа да қазіргі заманғы қауіп-қатерлермен күреске бағытталған кең көлемді халықаралық ынтымақтастықтың белсенді қатысушысы болған және болып қала береді", - деді ол. "Энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуден бастап жұқпалы індеттермен, экологиялық зілзалалармен күреске дейінгі өмірлік маңызы бар мәселелерді шешуде басқа елдермен ынтымақтаса отырып біз бұдан былай да аймақтық ынтымақтастық пен халықаралық қоғамдастықтың жауапты мүшесі ретінде өз ролімізді нығайта түсеміз", -деді Н. Назарбаев.

Мемлекет басшысы "Қазақстан бұдан былай да Ресеймен, Қытаймен, АҚШ-пен және Еуроодақ елдерімен ықпалдастықтың перспективасын бағдар еткен тату көршілік және әріптестік байланысқа, конструктивті стратегиялық әріптестікті дамытуға дайын", деді.

Ол сондай-ақ, "Қазақстанның сыртқы саясатының бір маңызды басымдығы - Орталық Азия елдерімен ықпалдастық болып табылады", деп атап өтті. "Біз осы өңірдегі интеграцияны тереңдетуге бағытталған жұмыстарды одан әрі жалғастырмақшымыз", -деді ол.

Бұған қоса, президенттің айтуынша, бүгінде Таяу Шығыс, Парсы шығанағы, Азия-Тынық мұхиты аймағы, Латын Америкасы елдерімен әсіресе экономика саласындағы ықпалдастық перспективалары мен үлкен мүмкіндіктер пайда болуда.

Н. Назарбаев сонымен қатар Қазақстанның интеграциялық саясатының өзгермейтіндігін атап өтті.

"Биыл біз Қазақстанның БҰҰ-ына мүшелікке өсуінің 15 жылдығын атап өттік. Қазақстан бұл ұйымның беделді әрі қуатты болғанын қолдайды және оның мақсаттары мен принциптерін ілгерілетуге жан-жақты қолдау көрсетуге дайын", -деді ол.

Ал Шанхай ынтымақтастығы ұйымына қатысты Н. Назарбаев Қазақстанның бұл ұйымды "өңірдегі қауіпсіздікті қамтамасыз етудің бір маңызды тетігі ретінде қарастыратынын" атап өтті.

"Тағы бір эволюциялық бірлестік ретінде біз Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары ұйымын қабылдаймыз. Біз бұдан былай да бұл бірлестіктің қауіпсіздік және әлеуметтік-экономикалық ынтымақтастық деген екі бағытта жалпы Азия құрылығына тарала даму идеясын ілгерілете түспек ниеттеміз", -деді президент.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны